Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматы облысы ТЖД қызметкері суға батып бара жатқан әйелді құтқарды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматы облысы ТЖД қызметкері суға батып бара жатқан әйелді құтқарды. БЕЙНЕЖАЗБА

Веб-студия A2R занимается созданием сайтов в Алматы, продвижением сайтов в Алматы и поддержкой сайтов в Алматы. На нашем сайте www.a2r.kz доступна подробная информация о ценах и сроках и других услуг нашей компании.

Аман қалғанның туысқандары мен жақындары Қуаныш Ибрайымбаевқа алғыстарын білдіруде, деп хабарлайды patrul.kz

Алматы облысы Алакөл өңірі Төтенше жағдайлар Департаментінің жедел құтқару жасағында қызметін өтеп жүрген Қуаныш Ибрайымбаев, патрульдеу барысында Ақшы қаласының маңындағы Алакөл көлінің жағасында орналасқан демалыс орындарының бірінде суға батып бара жатқан әйелді байқаған.

«ТЖД қызметкері бірден әйелді құтқаруға жүгірді. Суға секірген Қуаныш Ибрайымбаев есінен танғанды жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті», - дейді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

1 (2).jpg

«Әпкем, сіңлім және мен. Үшеуіміз суда демалып жүргенде аяғым тартылды. Қолымды созғанымен әпкеме жете алмадым. Сол сәтте туысқандарым басқа адамдарды көмекке шақыра бастады. Есім танып қалған соң мені кім құтқарғанын да байқамадым. Қуаныш Ибрайымбаевқа алғысым шексіз!», - дейді Рая Нурасылова.

Анықталғандай орта жастағы әйел көлде туысқандарымен демалған. Алайда, біраз уақыттан соң суда жүзіп жүргеннің бірдестен денесі тырысып-тартылып суға бата бастаған. Дер кезінде жеткен ТЖД қызметкері әйелдің өмірін аман алып қалды.

1 (3).jpg

«Үшеуіміз суға түсіп жүргенбіз. Бір уақытта екеуін терең су тартып кетті. Мен де жүзу білмеймін. Жолдасым сіңлімді құтқарып алды. Содан кейін, Раяны осы кісі құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сізге үлкен рахмет!», - дейді құтқарылғанның әпкесі.

1 (4).jpg

«Судың жағасында кезекшілікте жүрген сәтте әйел адамның батып жатқанын байқадым. Киімімді шешпестен, бірден суға түстім. Жағаға шыққанда алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тағы бір адамның өмірін аман алып қалдық», - деді Алматы облысы ТЖД ЖҚЖ құтқарушысы Қуаныш Ибрайымбаев.

1 (5).jpg

Құтқарылғанның туысқандары мен жақындары ТЖД қызметкеріне өз міндеттерін нақты орындағаны мен ерлігі үшін өз алғыстарын білдірді. Ал жазғы уақытты судың жағасында өткізгенді ұнататын жандарға айтарымыз, қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, өз өмірлеріңіздің әрбір сәтін бағалай біліңіздер!

1 (6).jpg

Автор: Шапағат Қуатбекова

Свежие новости