Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жылы сөзге иланып «қармаққа» түскен арулар. БЕЙНЕЖАЗБА

Жылы сөзге иланып «қармаққа» түскен арулар. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматының бойжеткендері армандаған адамға күйегу шығамын деп, миллиондаған ақшасынан айырылды. Олар «жылы сөз әйел жанын жібітер» деген сөзді тағы да дәлелдеді, деп жеткізеді patrul.kz.

Бәлкім, отбасы құрып, бала сүйіп, таңдаған серігінің өмірлік тірек болатынын аңсаған бірнеше бойжеткен адамға аса сене бермеу керектігіне өздері көз жеткізді. Көрікті ер азамат олармен танысып, әмпи-жәмпи болады.Сөйтіп жүріп, күндердің күнінде ол әйелдерге өзінің оларға деген сезімінің шынайы екендігін айтып, өмірлік жар қылғысы келетінін және қатынастарын салтанатты түрде заңдастыруға дайын екенін білдіреді. Ниетінің түзу екенін дәлелдеу үшін ол қыздар мен әйелдерді ата-анасымен «қалыңдық» ретінде таныстыратын болған. Оған дейін ол қыз-келіншектерді көрікті, қымбат мейрамханаларға шақырып отырған. Алаяқ өзін табысты әрі беделді адам ретінде көрсететін.

Ақырында әбден сөзіне сеніп, «қармаққа» түскен әйелдер еш күдіктенбейтіндей күйде болғанда, «болашақ күйеулері» олардан қомақты ақша алып отырған. Өздерінің миллиондаған теңгесін ханымдар өз қолдарымен беретін. Күйеусымақ ақшаны үй, жер не машина алуға керек екенін айтатын . Енді біреулерге жақсы жерге жоғары лауазымдарға жұмысқа тұрғызатын болып, ол үшін біреулерге «пара» беру керек екеніне сендіретін.

Фабрика форматовмош.00_02_03_10.неподвижное изображение002.jpg

Фабрика форматовмош.00_01_01_14.неподвижное изображение001.jpg

Ниетіне қол жеткізген еркек әйелдермен қатынасын үзіп, іс-түссіз жоғалып кетіп отырған. Естерін жиып, не болғанын түскен арулар полицияға шағымданған. Бүгінгі таңда Алмалы ауданында болған алаяқтықтың 6 эпизоды белгілі. Айтпақшы, күдікті қолға түсті. Оның үстінен Әуезов АІІБ-мен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Процессуалдық қажеттілікке орай, Алмалы ауданының қызметкерлері 28.09.1977 ж.т. күдікті Талғат Апушевтың алаяқтық әрекеттерінен жапа шеккен адамдардың барлығын 8 (727) 254-46-12, 254-46-66, 8-700-777-02-65, 8-747-229-05-28 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Фабрика форматовмош.00_02_13_05.неподвижное изображение003.jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости