Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жүк көлігі жеңіл машинаның кесірінен «Кульджинкадан» «ұшып кетті». БЕЙНЕЖАЗБА

Жүк көлігі жеңіл машинаның кесірінен «Кульджинкадан» «ұшып кетті». БЕЙНЕЖАЗБА

Алматы – Көкпек - Көктал трассасының 24-шақырымында самосвал жүргізушісі сұмдық апаттан аман қалды, деп хабарлайды patrul.kz.

Куәгерлердің мәлімдеуінше, Volvo маркалы жүк көлігі Құлжа тасжолымен батысқа қарай жүріп барған. Тұтас сызықтың біткен жерінде оның алдында белгісіз бір жеңіл көліктің тоқтай қалғанын айтты көзі көргендер. Ол жанармай құю станциясына бұрылмақшы болып тұрған. Онымен соқтығысып қалмау үшін самосвал тізгіншісі кенеттен оңға бұрып жіберіп, тоқтай бастады. Әлеуетті «грузовик» бірден тоқтай алмай, жолдың жиегіндегі екі ағаштың ортасына тірелген соң ғана барып бір-ақ тоқтады.

Қуанышқа орай, жол апатында ешкім зардап шеккен жоқ. Бұны көрген жанашыр жүргізушілер бірден жолдан «үшып кеткен» Volvo көлігінің жүргізушісіне көмекке асықты. Тек солардың көмегімен машина жолға қайта қойылды.

груз1.jpg

груз2.jpg

груз3.jpg

груз4.jpg

груз5.jpg

груз6.jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости