Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

«Жедел жәрдемге» жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылады

«Жедел жәрдемге» жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылады

Алматылық полиция жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналын қосып келе жатқан реанимобиль көлігінің жүруіне басымдық бермеген жол талғамайтын көліктің жүргізушісін анықтап тапты, деп хабарлайды patrul.kz порталы.

Өзінің түсініктемесінде ер адам артында келе жатқан реанимобильді байқамай қалғанын айтуда. Бірақ оның мұнысы дәлел емес. Қауіптілігі жоғары құралды, яғни автокөлік басқарып келе жатқан әрбір жүргізуші жолда мұқият әрі абай болуға міндетті.

«Жүргізушінің іс-әрекетінде ҚР ӘҚтК-тің 598-бабының 2-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық белгілері қарастырылған. Осыған орай, 29 жасар жүргізушіге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 22 690 теңгеге айыппұл салынды»,- деп хабарлады Алматы қаласының ІІД ЖПҚ іздеу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости