Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Жамбыл облысындағы оқу-жаттығулар басталды

Жамбыл облысындағы оқу-жаттығулар басталды

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинның басқаруымен «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды patrul.kz.

30_RKSHU_Zher_ (4).JPG

Жаттығуға ІІМ-нің бөлімшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері, Жамбыл облысының азаматтық қорғау қызметтері және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері қатысады.

«Дайындық 2 кезеңнен тұрады: 1) білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтынан жойқын жер сілкінісінің қаупі туралы мәлімет алып, оның салдарын жою жұмыс тәртібі, көлемі және міндеттерді орындауға бөлінген күштердің саны және құрамы туралы шешім қабылдайды. 2) ТЖК, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жедел топтарын бағдарлау және жағдайды бағалау жұмыстарын жүргізеді», - деп мәлімдейді ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар өрт ошақтарын сөндіріп, үйінділерді бөлшектеді. Зардап шеккендерді іздеп, оларды құтқарды. Сонымен қатар, газбен жабдықтау, электр беру және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілген болатын.

30_RKSHU_Zher_ (1).JPG

30_RKSHU_Zher_ (9).JPG

30_RKSHU_Zher_ (7).JPG

30_RKSHU_Zher_ (6).JPG

30_RKSHU_Zher_ (3).JPG

30_RKSHU_Zher_ (8).JPG

30_RKSHU_Zher_ (2).JPG

30_RKSHU_Zher_ (5).JPG

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости