Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Қыздардың пәтеріне басып кіріп, пышақпен қорқытқан тонаушылар ұсталды

Қыздардың пәтеріне басып кіріп, пышақпен қорқытқан тонаушылар ұсталды

Таңғы сағат төрттер шамасында белгісіз біреулер қыздардың пәтеріне баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқытып, олардың ақшалары мен телефондарын тартып алған, деп хабарлайды patrul.kz.

Бірнеше сағаттардан кейін Алмалы ауданының криминалды полициясы бөлімінің қызметкерлері кешенді жедел және арнайы іс-шара барысында шабуылдаушылардың жеке басын анықтады. Олар – 1995 және 1992 жылдары туылған азаматтар болып шықты. Олардың біреуі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған екен.

«Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тармағы бойынша (тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәларын толығымен мойындады. Жәбірленушілерге мүліктік бұйымдары қайтарылды. Сонымен қатар, біз қала тұрғындары мен қонақтарын қырағы болуға шақыра отырып, олардың ешқашан және ешбір себепсіз, әсіресе түнгі уақытта, бейтаныс адамдарға есік ашпауларына кеңес береміз. Сондай-ақ, ұсталғандардың осы іспеттес басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде»,- деп баяндады Алмалы аудандық ІІБ бастығы полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости