Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

«Встречкамен» жүрген «ержүрек»: заң кімге керек?

«Встречкамен» жүрген «ержүрек»: заң кімге керек?

Patrul.kz порталының тұрақты оқырмандары бізге жол жүру ережелерінің дөрекі бұзылғаны жайлы бейнежазба жіберді. Селқостық танытқан жүргізушіні көлігімен бірге олар Алматының Райымбек даңғылында 19:50 шамаларында түсіріп алған.

Автомобильдер ағыны батысқа қарай қозғалған. BMW маркалы көліктің жүргізушісі «Апорт» сауда орталығына жетейін дегенде бағытын ауыстырмақшы боп қалды. Көп ойланбастан, ол жолдың дәл ортасында алды да кері қарай бұрыла салды. Заңға бағынушылықпен қарайтын жол қозғалыстың басқа қатысушыларына қарбалас мерзім уақытында ұзын кептелісті болдырмау үшін шектен шыққан бұзушыны өткізуден басқа амал қалмады.

Біздің редакциямыз оқырмандарымызбен бірге полицейлердің заңға немқұрайлы қараған жүргізушіні тауып, жауапқа тартатынына сенімді.

встречка1.jpg

встречка2.jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости