Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Тәртіп сақшысы 1500 қатысушы арасынан чемпион атағына ие болды

Тәртіп сақшысы 1500 қатысушы арасынан чемпион атағына ие болды

Әлем чемпионатындағы 132 мемлекет арасынан «Үздік қақпашы» атағына ие болған тәртіп сақшысы ОҚО ІІД Ордабасы АІІБ-де қызмет атқарады, деп хабарлайды patrul.kz.

Полиция старшинасы Самат Аязбай Ордабасы АІІБ-нің ақпараттық орталығының технигі қызметін атқарады. Спорт шебері полицейлердің арасында өткізілген футболдың бірнеше дүркін жеңімпазы болған.

«15 жыл ішкі істер органында қызмет атқарып келген азамат ІІМ Алғыс хатына ие болған. Голландия мемлекетінің Эйберген қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ, полицейлер арасындағы шағын футболдың тарихына Самат Аязбайдың есімі алтын әріппен жазылды», - деп мәлімдейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости