Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Ақтөбе тәртіп сақшылары киім ұрлығымен айналысқан ұрыны құрықтады

Ақтөбе тәртіп сақшылары киім ұрлығымен айналысқан ұрыны құрықтады

Қала тұрғыны «ешқайда шықпау» бұлтарпау шарасы болса да өзінің сүйікті «ісімен» айналыса бастаған, деп хабарлайды patul.kz.

Ағымдағы жылғы тамыз айының 2-нде 36 жастағы қала тұрғыны Әбілқайыр хан көшесінде орналасқан дүкендердің бірінен жасырын түрде үш көйлек ұрлаған. 38 жастағы дүкен иесіне келтіррілген шығын көлемі 62 мың теңгені құрады.

Күдікті бұрын «сатып алушы» ретінде бірнеше сауда орындарында болып, байқатпай киім ұрлығымен айналысып жүрген. Атап айтатын болсақ,осыған дейін М.Мәметова атындағы көше бойында орналасқан сауда орындарының бірінен 6 мың теңгенің көйлегін қолды қылған.

Қазіргі таңда күдіктінің есебінде «дүкен ұрлығы» бойынша 2 факт тіркеліп тұр.

Ұрланған заттар тәркіленді.Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости