Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Отан алдындағы борыш пен өнерді қатар алып жүргендер

Отан алдындағы борыш пен өнерді қатар алып жүргендер

«Байланыс жігіттері» командасы 2011 жылы полковник Асқар Мұстабековтың қолдауымен құрылған, деп хабарлайды patrul.kz.

Көңілді тапқырлар клубында курсанттар Айбек Сатыбалды, Алихан Садықов, Төлеби Қамбаров, Ернұр Ерлан, Мейрамбек Шайқын, Нұрбатыр Қаскей, Бекарыс Имашев, Шыңғыс Оралбай, Нұржігіт Ахмедов, Дастан Анарбек, Алибек Базарбаев, Жантөре Еркінбай өнер көрсетіп жүр. Олар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында білім алуда.

maxresdefault.jpg

«Топ 2011 жылы Студент лигасының 3-орын иегерлері, 2012 жылы Премьер лига ойындарының 3-орын иегерлері, 2013 жылы Ашық лига ойындарының 2-орын иегерлері, 2014 жылғы Нұр Отан лигасының жеңімпаздары, 2014 жылғы Жоғарғы лиганың финалистері, 2014 жылғы Алматы облысы әкімінің кубогын алған. Сонымен қатар, Сарбаздар кубогының 2 дүркін чемпиондары», - Радиэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты баспасөз қызметінің бастығы Ербол Алибаев.

фото (82).JPG

Айта кетсек, әскери команданың мақсаты - мемлекеттік саясат пен жеке адамның өміріндегі күнделікті жағдайларды әзілмен жеткізу.

IMG_2984.jpg

фото (23).JPG

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости