Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Мас жүргізуші жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, полицейлік көлікке тап болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Мас жүргізуші жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, полицейлік көлікке тап болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Өзбекстан тумасы Қазақстанда жүріп мас күйінде көлікке отырғаны үшін 4 рет жүргізуші куәлігінен айырылып үлгерген, деп жеткізеді patrul.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен Audi A4 автомобилін байқады. ЖҚЕ-лерін өрескел бұзуымен қатар, бұл көліктің мемлекеттік тіркеу нөмерлері де жоқ боп шықты.

Тоқтаған машинадан бірнеше адам шықты. Олардың барлығының да, жүргізушісімен қосқанда, ішіп алғанын аңғаруға болады. Инспекторлардың құжат көрсетуге қатысты талабын олар құлақтарына да ілмеді. Қызып алған адамдар билік өкілдеріне айтарлықтай қарсылық білдіре бастады.

1 (1).jpg

Автомобильдің іші-сыртын тексеріп қарағанда, полицейлер салон ішінен бірнеше шөлмек алкоголь сусындарын тапқан. Сонымен қатар, мәліметтер базасын тексергенде, жүргізушінің төрт рет жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Оның соңғысы – осы жылдың көктемінде болған. Сонда ол көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін үш жылға куәлігінен айырылған болатын. Оның үстіне, сол кезде ол 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға салынған.

1 (5).jpg

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізу үшін оны қалалық наркоорталыққа жеткізді. Бұнда да ұсталған ер адам дәрігерлерге де, полицейлерге де тіл тигізіп, дөрекілік танытты. Ол инспектордың қолындағы куәлігін қайта-қайта жұлып алуға тырысты.

-Әкел куәлігімді.

-АІІБ-інде қайтарамын.

Медициналық куәландырудан өткенде, алкотестер 1,92 промиллені көрсетті, бұл алкогольдік масаюдың орташа деңгейіне сай. Сараптама актілеріне бұзушы қол қоюдан бас тартты. Ол инспекторлар машиналарын тоқтатқанда рульде болмағанын, жай ғана жолаушылар орнында отырғанын айтып ақталмақшы болды. Деседе, полицейлік көліктің бейне тіркеуішінде жүргізуші есігінен дәл осы ер адамның шығып жатқаны анық көрініп тұр.

1 (7).jpg

Тек нарколог-дәрігер Куәландыру актісінің әр бабына тоқталып, түбегейлі түсініктеме бергеннен кейін ғана бұзушы құжатқа қол қоюға келісті. Өзі болса оны оқып «басын қатырғысы» келмеді.

-Айтуыңызша, сыра іштіңіз – дұрыс па? Алкотестер көрсеткіші – 1,92 промилле. Қараңыз, бұл орташа масаю деңгейді білдіреді. Енді мына жерді оқыңыз - Актінің нөмірі, Сіздің фамилияңыз, Сіз туралы мағлұматтар, Сіздің жеке куәлігіңіз. Мынау – Сізді осында жеткізген адамның фамилиясы. Қай жерде көріп тұрсыз, машинада болды дегенді? Бұл жерде тек Сіздің сыра ішкеніңіз көрсетіліп тұр. Тағы да айтамын, машинадасыз ба Сіз, машинада емессіз ба – маған бәрібір.

1 (6).jpg

Құжаттың екінші данасына қол қоярда, жүргізуші тағы да қайқаңдай бастады. Бір үлгіде жасалған актіде ол өзінің көлікті басқармағанын көрсетіп қоятын тармақты іздеп таппады. Демек, қайткенмен де ол туралы мәліметті жазбай қоймады - құжаттың бір бос жеріне «рульде болмағанмын» деп жазып, қолмен растап қойды.

1 (8).jpg

Бұдан соң полиция қызметкерлері бұзушыны АІІБ-не жеткізді. Өйткені ҚР заңы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылып, тағы да сондай бұзушылық жіберген жүргізуші 15 тәулікке қамалуға тиіс.

Бұл жағдайда тәртіп сақшыларды тағы да бір жол апатының алдын алды деуге болады. Өйткені мас жүргізуші – ол айналадағыларға қауіп төндіретін нағыз қылмыскер. Оның үстіне, бұл адам бір емес, бірнеше мәрте мас болып, рульге отырып жүр. Деседе, ол бұнысын қояр емес. Нені күтіп жүргенін сонда - өзі де білмейтін көрінеді?

1 (2).jpg

1 (3).jpg

1 (4).jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости