Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Иығында жұлдызы бар жыл аруы анықталды

Иығында жұлдызы бар жыл аруы анықталды

ЛА-155/18 мекемесінде «Пагондағы ару - 2017» атты сайыс өтті. Аталмыш конкурсқа тек полиция қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды patrul.kz.

«Погондағы ару - 2017» іс-шараның негізгі мақсаты – жеке құрамды Отан сүйгіштік пен адал қызметке шақыру.

Арулардың көріктілігі мен шеберлігін қатал әділ-қазы алқалары бағалады.

IMG_2874 (1).JPG

Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Анель Нұрмолдақызы үміткерлердің арасынан жүлделі бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, арнайы бөлімнің есеп технигі әділет аға сержанты Ұлбосын Құрманбекова екінші орынға лайық деп танылса, осы бөлімнің тағы бір есеп технигі әділет кіші сержанты Әйгерім Оспан соңғы жүлдеге ие болды.

IMG_2880.JPG

Сайыс әндер мен шығармашылық қойылымдарға толы болды. Нәтижесінде, жүлдегерлерге арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.

IMG_2886.JPG

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости