Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Хромтауда қаза тапқан ІІО қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Хромтауда қаза тапқан ІІО қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Қаланың жаңа аллеясында биіктігі 3 метр болатын стелла орнатылды, деп хабарлайды patrul.kz.

IMG_7099.JPG

Ашылу салтанатына облыстық ІІД басшылары, Хромтау аудандық ІІД-нің жеке құрамы, құқық қорғау органдарының ардагерлері, қаза болғандардың туыстары мен аудандық әкімдіктің қызметкерлері қатысты. Ескерткіш қызметін атқару кезінде 1980 жылы қаза тапқан милиция майоры Бұжыр Иманғазин мен 2009 жылы бұзақылар қолынан мерт болған учаскелік полиция қызметкері Қымбатқазы Оразалиннің есімдерін келешек ұрпақтың жадында қалдыруға арнап салынды.

IMG_7125.JPG

«Жергілікті аудан әкімі Аманғали Бердалин жастарды патриотизмге тәрбиелеуге арналған игі бастамалары үшін алғыс айтты. Салтанатты шарада қаза болғандар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Дәл осы күні ескерткіш орнатылған жаңа аллеяда жас көшеттер де отырғызылды», - деп мәлімдейді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

IMG_7147.JPG

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости