Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Есірткі затын іздеуде иісшіл иттің орны бөлек

Есірткі затын іздеуде иісшіл иттің орны бөлек

Ақтөбелік полицейлер иісшіл иттің көмегімен есірткі затты өсірген адамдарды әшкереледі, деп хабарлайды patrul.kz.

Ағымдағы жылдың 19 шілде айында Ақтөбе облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы «Көкнәр - 2017» жедел профилактикалық шарасын өткізу барысында иісшіл иттің көмегімен Алға ауданы Қайындысай ауылында қарасораға ұқсас есірткі затын анықтады. Іздестіру барысында Алға ауданының 46 жастағы тұрғынының аталмыш шөпті заңсыз өсіргені белгілі болды. Қарасораның 600-ге жуық түбі тәркіленді. Жалпы салмағы 28 кг құрады.

Сонымен қатар, 20 шілдеде «Көкнәр -2017» іс шарасы барысында Алға ауданының 37 жастағы тағы бір тұрғыны ұсталды. Оның бау-бақша ұжымында «Мак» есірткі құрамдас шөбін заңсыз өсіргені анықталды. Оны көзден таса жерде өсірген. 466 түп өсімдік тәркіленді.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 300 бабы 2 тармағымен сот алды тергеу амалдары басталды.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости