Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Душанбеде ТМД мемлекеттері қорғаныс министрлерінің Кеңесі өткізілді.

Душанбеде ТМД мемлекеттері қорғаныс министрлерінің Кеңесі өткізілді.

Кеңеске Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты, деп хабарлайды patrul.kz.

Отырыста мемлекеттер арасында 2020 жылға дейін әр түрлі байланыс жүйелерін құру, Халықаралық әскери қауымдастық ойындарын ұйымдастыру, қарулы күштерді инженерлік қамтамасыз ету сияқты мәселелер талқыланды.

«Сонымен қатар, қорғаныс ведомстволарының басшылары 2018 жылға дейінгі ТМД шеңберінде құжаттарды жүргізуге қатысты қол қойды. Отырыс қатысушылары әскери БАҚ-та алмасу, дене шынықтыру және спорт, достастық елдері қарулы күштеріндегі ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын анықтады. Сондай-ақ, бүгін ТМД қорғаныс министрлері Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті», - деп мәлімдейді ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсы.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости