Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Бірнеше мәрте сотталған «СБшниктің» кезекті құрбандары. БЕЙНЕЖАЗБА

Бірнеше мәрте сотталған  «СБшниктің» кезекті құрбандары. БЕЙНЕЖАЗБА

«Өзіндік қауіпсіздік» қызметкері алты жыл ішінде еліміздің төрт ірі аймағында «кәсіп етіп» үлгерген, деп жеткізеді patrul.kz тілшісі.

Алмалы ауданында ұсталған ер адам «кәсібін» 2011 жылдары алғашқы рет алаяқтық жасады деген күдікпен полиция көзіне түскен Шығыс Қазақстан облысында бастаған. Жеңіл табыстың дәмін көргендігінен болар, ол енді бұл әдісін тоқтата алмай, содан бері қаншама жыл бойы жалғастырып келеді – Астанада, Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында. Әккі қылмыскер, полицейлердің айтуынша, бес рет сотталған. Соңғы жылдары ол оңтүстік астанамызда табандап қалған.

22 - 35 жас аралығындағы зардап шеккен қыз-келіншектер оны «қолында көп мүмкіндіктері бар», бір ірі мекеменің өзіндік қауіпсіздік қызметкері ретінде суреттейді. Ол сөзінде үнемі беделді адамдармен қатыасы бар екенін әрі көптеген мәселелерді шеше алатынын айтып мақтанатын. Сөйтіп, ол бойжеткендердің сеніміне кіріп, түрлі сылтау-себептермен олардың ақша, телефон, компьютерларын иемденіп отырған.

Қазіргі таңда полицейлер жалған «СБшниктің» Алмалы, Медеу, Бостандық аудадарында жасаған 8 алаяқтық эпизодтарына қатыстылығын анықтаған. Процессуалдық қажеттілікке орай, Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері 1982 ж.т. күдікті Олжас Ельдесовтың алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың барлығын - 8 (727) 254-46-12, 254-46-66 немесе 8-700-777-02-65, 8-747-229-05-28 телефондарына хабарласуды сұрайды.

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (3).jpg

Фабрика форматовintro.00_00_50_20.неподвижное изображение010.jpg

1 (5).jpg

Фабрика форматовintro.00_00_54_07.неподвижное изображение011.jpg

1 (4).jpg

1 (7).jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости