Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

«Бетпе-бет» соқтығысып қалған машиналардың жүргізушілерінің біреусі оқиға орнынан қашып кетті Алматыда

«Бетпе-бет» соқтығысып қалған машиналардың жүргізушілерінің біреусі оқиға орнынан қашып кетті Алматыда

Кеше Алматыда Қайырбеков көшесінің бойында жол апаты орын алды. Toyota Carina E мен Mercedes 230 автомобильдері соқтығысып қалды, деп хабарлайды patrul.kz.

Toyota а/м тізгіндеген бойжеткеннің мәлімдеуінше, ол Қайырбеков көшесімен солтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Жібек жолы көшесін қиып өткен соң ол жолаушысын түсіріп кетпекші болып тоқтаған. Сосын қозғалысын жалғастыра берген.

дтп1.jpg

Сол кезде осы көшенің оңтүстік бағытында Mercedes келе жатқан. Бір уақытта неміс седаны қатты жүріп келе жатып, жапондық көлікке «бетпе-бет» ұрылды. Соққының пәрменділігінен соңғысын 90 градусқа бұрып жібереді. Ол серпінмен барып жолдың жиегіне «ұшып кетеді». Ол жерде қырсық болғанда жаңа ғана Toyota-дан шыққан бойжеткен болған еді. Ол түрлі деңгейлі жарақаттармен 12-қала ауруханасына жеткізілді.

Mercedes –тегі ер адам оқиға орнынан қашып кетті. Гоголь көшесіндегі №16-үйдің маңында ол көлігін тастап, бой тасалады. Куәгерлер оның ізіне түсіп, ұстап алмақшы болып еді, бірақ одан нәтиже шыға қойған жоқ. Оқиға орнында криминалист мамандар жұмыс істеді.

дтп1.jpg

дтп2.jpg

дтп3.jpg

дтп4.jpg

дтп5.jpg

дтп6.jpg

дтп7.jpg

дтп8.jpg

дтп9.jpg

дтп10.jpg

дтп11.jpg

дтп12.jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости