Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Байбек айтты да қойды, бақылауға алмай. БЕЙНЕЖАЗБА

Байбек айтты да қойды, бақылауға алмай. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматы қаласының әкімі мегаполис аудандарының бірін бір ай ішінде қалыпқа келтіріңдер деген үкім берді. Демек, ол «Премьера» тұрғын кешенінің тесіктері мен жырықтарына «түсіп кеткендей», деп жеткізеді patrul.kz тілшісі.

Үйдің қабырғасы үгітіліп, опырылып түсіп жатқанын бейнелейтін жазбаны барлық ақпарат құралдары көрсеткен. Бұл жұртшылық арасында үлкен наразылық тудырған. Әрине, құзырлы мекемелер қауіпті ақпаратқа дереу әрекет ете бастады. Олар құрылысшылар жіберген ахауды ұят болмасын дегендей, жарнамалық плакатпен жауып қойды. Біз бұл «игі істің» өзіне қанша қаражат кеткенін айтпай-ақ қояйық, бірақ бұндай көлемдегі баннердің жасаудың әрі арнайы техниканы шақыртып орнатудың өзі – арзанға түспейтіні анық. Сонда, «не үшін бұлай жасаған?» деген сауал туады. Әлде біздің қаламыздағы барлық мәселелер – «көрінбесе, болды» деген қағида бойынша шешіледі ме?

Оның өзінде, плакатты сапалы түрде орната алмаған – ол шенеуніктер мен «КСК» қызметкерлерінің арсыздықтарының бетін ашқандай, бір-екі күннен кейін ұшып кетті.

Азап көрген «Премьера» ТК тұрғындары шағымдарымен көптеген мекемелердің табалдырығын тоздырған. Сөйтіп, 2015 жылы оңтүстік астанамыздың әкімі Бауыржан Байбек жедел түрде штаб құрып, барлық мәселелерді аудандық әкімдіктерімен бірігіп, бір ай ішінде шешуді бұйырған. Осыдан 24 ай өтті, бірақ айтқаны - айтқан жерде қалды.

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_00_25_19.неподвижное изображение003.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_00_53_20.неподвижное изображение005.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_00_41_08.неподвижное изображение004.jpg

Тұрғын кешенінің проблемалары шешілмек түгіл, оның қабырғаларындағы тесіктері мен жырықтары сияқты кеңейе түсті. Енді оның тек сырты емес, іші де үгітіліп, құлап жатыр. 16-қабаттында тұратын адамдардың басына пәтерлерінің төбесі түсіп жатыр. Пәтер иелер кооперативінің өкілдері подъездердегі қабырғаларынан электр сымдарының жалаң жатқандарына көздерін жұма қарайды. Коляска қоятын ортақ бөлмелерде тізеге дейін жететін құрылыс қоқысының жатқанына міне төрт жыл болды. Бұнымен ешкімнің шаруасы жоқ.

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_01_25_00.неподвижное изображение009.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_01_52_21.неподвижное изображение014.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_01_33_02.неподвижное изображение010.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_01_35_20.неподвижное изображение011.jpg

«Премьера» ТК пәтерлерінің иелері қарапайым қызметкер болғандықтан көбі осы үйдің ұзақ мерзімдік несиесін төлеп отыр. Олардың түрлі мекемелерге барып, көмек сұрайтын да уақыттары жоқ. Демек, алдымыз қыс... Сонда бұл үйдің қабырғалары «жоқтау қабырғасына» айналады, ол дегеніміз – үйдің ішін сыз тартып, зең басады. Сол кезде осы кешеннің шешілмей тұрған мәселер тізімі әлдеқайда көбейе түседі. Осылардың бәрін пайымдай отырып, қала басшылығына бір ғана сауал қойығымыз келеді: ««Ниф-Ниф» пен «Нуф-Нуфтардыкіндей» сәл ғана жел тұрса, құлап кететін үйлерді қашанға дейін салуға болады оңтүстік астанамызда?».

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_00_21_20.неподвижное изображение002.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_00_14_07.неподвижное изображение001.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_01_48_17.неподвижное изображение013.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_02_00_12.неподвижное изображение015.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_00_53_20.неподвижное изображение005.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_01_10_12.неподвижное изображение007.jpg

Фабрика форматов3.MTS_audio.00_00_36_10.неподвижное изображение016.jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости