Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Астаналық тұрғын ажырасқан әйеліне кек қайтаруда

Астаналық тұрғын ажырасқан әйеліне кек қайтаруда

Осыдан бір жыл бұрын соққылардан шаршаған әйел күйеуімен сот арқылы ажырасқан. Бірақ ер азамат экс-жұбайын мазалағанды қоймаған, деп хабарлайды patrul.kz.

Істі қарау кезінде ұрып-соққаны үшін ер азаматқа ерекше талаптар қойылды: 3 ай мерзімінде қысым көрестуге, қудалауға, ауызша және телефон арқылы сөйлесуге, сондай-ақ өзге тәсілдермен байланысуға шектеді.

Жоғарыда айтылған шешімге қарамастан, К. есімді азамат таңертең есігінің алдында зардап шеккен әйелде қайта бас-аяғынан айран құйып, пышақпен дене жарақатын салған.

«Сот шешімімен К. есімді азамат жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бойынша 3 тәулікке қамауға алынды», - деп мәлімдейді жергілікті сот баспасөз қызметі.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости