Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Астаналық полицейлер қала тазалығы үшін бар күштерін салуда

Астаналық полицейлер қала тазалығы үшін бар күштерін салуда

Жыл басынан бастап белгіленбеген орындарда қоқыс қалдықтарын, лас сұйықтықтарды төккен 173 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың соммасы 5 миллион 200 мың теңгені құрады, деп хабарлайды patrul.kz.

Табиғатты қорғау полицейлері Есіл ауданында рейд өткізді. Тұран даңғылы және Ұлы Дала даңғылы жалғасқан көшеде Sinotruk, Howo маркалы автокөліктердің белгіленбеген жерде құрылыс қалдықтарын төккені анықталды.

IMG-20170524-WA0007.jpg

Сондай-ақ, Қабанбай батыр даңғылындағы «Алау» СК жанындағы саяжайдың бұзылған қалдықтары «Дархан Аби» ұйымымен шығарылғаны белгілі болды.

«Жүргізушілер мен ұрлық жасаған ұйым ҚР ӘҚБтК 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік жүргізушілеріне 20 АЕК (45 380 теңге) және мердігерлік ұйымға 40 АЕК (45 380 теңге) айыппұл салынды», - деп мәлімдейді Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости