Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда қымбат бағалы джип көлігін «код-грабер» арқылы тонап кетті. ФОТО

Алматыда қымбат бағалы джип көлігін «код-грабер» арқылы тонап кетті. ФОТО

Оңтүстік астанада әзірбайжандық азамат жол таңдамайтын көлік ішінен қомақты ақшасы бар сөмкені ұрлап алды. Ол үшін оған тек бір-екі «кнопканы» тергеннен басқа ешнәрсе қажет болған жоқ, деп хабарлайды patrul.kz.

Бұл жерде күдікті сырттай қарағанда кәдімгі автомобильдікіне ұқсас пультті қолданған. Бұнда «код-граббер» туралы сөз болып отыр. Алайда оның техникалық мүмкіндіктері арқылы қашық жерде тұрып-ақ көлік құралдары пультінің сигналын көшіріп, сканерлеуге, кейін оны ашуға қол жеткізеді.

22281923_1350954595014328_6304249712548623992_n.jpg

«Осы құрылғының көмегімен Әзірбайжан азаматы Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында тұрған жол талғамайтын көлікті ашып, көлік иесінің жеке мүлкін ұрлаған.

Қаскөйді жедел шара барысында бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері анықтады. Әшкере болған ол қылмыс орнынан із жасырып кетпекші болғанымен, оның мұнысынан түк шықпады. Оның жеке басын тексеру барысында жедел-тергеу тобы автокөліктен ұрланған бейнекамера, сондай-ақ 200 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат тәркіледі», - деді Алматы қаласының ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Барлық заттай айғақтар ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында жүргізіліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Қазір ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар, шетел азаматының біздің елімізге қандай нақты мақсатпен келгені тексерілетін болады.

3.jpg

2.jpg

22228538_1350953891681065_152528244484558183_n.jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости