Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда сұмдық жол апаты болып, Skoda автосында отырған жолаушы қаза болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда сұмдық жол апаты болып, Skoda автосында отырған жолаушы қаза болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Оңтүстік астанамыздың Алмалы ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның жүргізушісі рулін игере алмаған көрніеді, деп жеткізеді patrul.kz.

Skoda Rapid Шевченко көшесімен батысқа қарай жүріп келген. Жароков көшесінің қиылысында ол бордюр үстіне шығып кетті де, арық үстімен «ұшып» барып ағашқа соғылды, сосын оны айналдырып, көше шам бағанасына «лақтырып» жіберді. Тек осыдан кейін ғана машина тоқтай алды. Куәгерлер көліктің мотор бөлігінің тұтанып кеткенін байқап, оның үстіне қар лақтыра бастады. Сосын өрт сөндірушілерді шақыртты.

1 (1).jpg

Келіп жеткен брандмейстерлер санаулы минут ішінде тұтану ошағын ауыздықтады.

Апат болған кезде көлікте жүргізушіден басқа тағы да бір адам отырған. Ауыр жарақат алған жолаушы жедел жәрдем мамандары келгенше, қаза болды. Машинаның апаттан кейінгі күйіне қарасаң, оның иесінің жолы болғанын түсінесін. Ол жеңіл-желпі зақым алып қана қойған.

Оқиғаның себептерін жол полициясының мамандары анықтауда.

1 (2).jpg

1 (3).jpg

1 (4).jpg

1 (6).jpg

1 (8).jpg

1 (7).jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости