Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда көпір үстінде жаяу жүргінші Mercedes астына түсіп мерт болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда көпір үстінде жаяу жүргінші Mercedes астына түсіп мерт болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы көпірде қазалы ЖКО орын алды. Жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпекші болған, деп жеткізеді patrul.kz.

Mercedes E-Class автомобилі Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта қозғалған. Кенеттен алдынан ойламаған жерде екі адам шыға келді – олар жолды рұқсат белгісі жоқ жерден жүгіріп өтіп бара жатты. Біреусі ептілеу екен – машиналардың алдынан өтіп үлгерді, ал екіншісі автомобиль астынан бір-ақ шықты. Mercedes жүргізушісінің айтуынша, ол жаяу жүргіншілердің аяғастынан пайда болуына дер дегенде әрекет ете алмапты.

Алған жарақаттардан жаяу жүргінші жедел жәрдем көлігі келгенше, жан тапсырды. Онда өзімен бірге ешбір құжат жоқ екен. Шамамен қаза болған ер адамның жасы – 65-70-терде болуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері жол апатының жай-жапсарын анықтауда.

1 (1).jpg

1 (3).jpg

1 (4).jpg

1 (5).jpg

1 (6).jpg

1 (7).jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости