Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда екі көлік соғылып, арты жаппай төбелеске айналды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматыда екі көлік соғылып, арты жаппай төбелеске айналды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматы қаласындағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінің көлік тұрағында екі көлік «бетпе-бет» соқтығысып қалды. Оған қатысы барлар одан соң жаппай төбелес шығарды, жеткізеді patrul.kz.

Toyota Camry автомашинасы тұрақтан шығып бара жатқан, оған қарама-қарсы Lexus LX570 жол таңдамайтын көлігі қозғалған. Белгісіз себептермен екі көлік «бетпе-бет» соқтығысып қалады. Салдарынан Toyota а/м серпінмен барып сол жерде тұрған Mercedes-Benz W140 көлігіне ұрылды. ЖКО нәтижесінде үш адам зардап шекті: біреусінің аяғы сынды.

Toyota-да отырған жолаушы әйелдің сөзіне жүгінсек, джиптен бірнеше адам шығып, қарсыластарына жабыла кетті. Төбелеске, кем дегенде, 15 адамдай қатысты. Нәтижесінде тағы үш адам зардап шекті.

Төбелеске куә болғандардың айтуынша, Lexus –тағылардың бәрі, жүргізушісімен бірге, мас болған.

1 (4).jpg

Оқиға орнына бірнеше «жедел жәрдем» көлігі жетіп, барлық зардап шеккендерді қала ауруханаларына алып кетті. Төбелескендердің ішіндегі ең еліргендері ЖПП-сының «Буран» экипажымен АІІБ-не жеткізілді.

КУӘГЕРЛЕРДІҢ БЕЙНЕ ТҮСІРІЛІМІ:

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

1 (1).jpg

1 (3).jpg

1 (5).jpg

1 (6).jpg

1 (7).jpg

1 (8).jpg

1 (9).jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости