Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда болған қырғын төбелес: бар күзетшісі екі клиентті пышақтап тастады

Алматыда болған қырғын төбелес: бар күзетшісі екі клиентті пышақтап тастады

Алматының ойын-сауық орындарының бірінде көңіл көтеріп отырған жастардың екі тобы бір-бірімен қырылысып, кейін сол жердің күзетшілерімен төбелесіп қалды, деп хабарлайды patrul.kz.

бар1.jpg

Сайран өзенінің қарама-қарсы бетіндегі диско-барына бір топ жігіт Mercedes автокөлігімен келген. Бардың ішіне кіргенде олар басқа бір топ жігітпен сөзге келіспей қалды. Оның аяғы төбелеске айналып кетті. Бұны көрген ойын-сауық орынның күзетшілері әдеттегідей бұзақыларды далаға шығарып жіберді.

Сыртқа шыққанда жанжалдың екі жағы күзетшілерге қарсы шыға бастады. Нәтижесінде қандары қызып тұрған жігіттер күзетшілерді бас салды. Сонда күзетшілердің бірі қалтасынан пышақ шығарып алып, шапқандардың ішіне бірнеше рет сұғып алды. Жарақат алғандардың бірі қаша бастады, демек алысқа кете алмай, Тастақ-1 ықшам ауданының аулаларының бірінде құлап түсті. Екінші жарақат алған жігіт бірден машина ұстап, қансырап үйіне жөнелді. Бұнымен төбелес біте қойған жоқ. Бірінші боп келген жігіттер екіншілердің көліктерін тас-талқанын шығарды: Олар машинаны тоқпақтап, ұрып, терезелерін шағып, дөңгелектерін тесіп тастады.

Куәгерлер шақырған полицейлер оқиға орнына дер кезінде келіп жетті. Сақшылардың бірі пышағы бар күзетшіні іздей бастады, сөйтіп ас бөлмесіне кіріп келді. Сонда ол қолынан және пышақтан қан ізін кетіріп жуып жатқан ер адамды көрді. Формадағы адамды көре салысымен, күзетші терезеден секіріп қаша бастады. «Буран-114 экипажы қызметкерлерінің мықты дайындықтарының арқасында қашқын ықшам ауданының көп қабатты үйлерінің аулаларының бірінде қолға түсті. Алыс ұзамай, полицейлер жарақат алып қансырап жатқан ер адамды байқап қалады да дереу жедел жәрдем бригадасын шақыртты. Олар жәбір көрген жігітті бірден ауруханаға жеткізді.

Пышақтасу орнынан жалпы 15 адам ұсталды. Олар Әуезов ауданының ІІБ-на жеткізілді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы да шақыртылды.

Болған оқиғаға қарамастан түнгі бар жұмысын жалғастыра берді. Жедел-тергеу тобы бұл жердегі жұмыстарын тәмәмдап, қайтып кеткенде, бардан аяқтарында зорға тұрған, араққа сылқия тойып алған үш ер адам шықты да бір-бірімен төбелесе бастады. Полиция қызметкерлеріне бұл жерге тағы да оралуға тура келді. Олар мас бұзақыларды Әуезов АІІБ-не алып кетті.

бар2.jpg

бар3.jpg

бар4.jpg

бар5.jpg

бар6.jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости