Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматыда аты аңызға айналған генералды соңғы сапарға шығарып салды. ФОТО

Алматыда аты аңызға айналған генералды соңғы сапарға шығарып салды. ФОТО

Кеше Алматыда құқық қорғау органдарының қызметкерлері генерал-майор Слям Исабаевты соңғы сапарға аттандырды. Қоштасу рәсімі Офицерлер үйінде өтті.

Слям Мұхамеджанович Исабаев 81 жасында 12 қараша күні Алматы қаласында қайтыс болды.

Ол 18.03.1937 күні Шығыс Қазақстан облысының Больше-Нарымский ауданындағы Мало-Красноярка аулында дүниеге келген. Жоғары білімін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінде алған. Ішкі істер органдарында ол 1962 жылдың қараша айынан 1994 жылдың қарашасына дейін қызмет еткен. Еңбек жолын қатардағы сарапшы-криминалист және тергеуші ретінде бастап, ҚР ІІМ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін өсті. 1983 - 1985 жылдар аралығында Талды-Қорған облысы ІІБ бастығының орынбасары, 1985 - 1990 жылдары Алма-Ата облысы ІІБ бастығы болып қызмет етті. 1988 ж. С.Исабаев милиция генерал-майоры атағына ие болды. 1990 жылдың жазында Слям Мұхамеджанович Алматы ҚІІБ бастығы болып тағайындалды (сонымен қатар ол – ҚР ІІМ миистрінің орынбасары).

1990 ж. көктемінде Исабаев Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің 12-шақырылымының депутаты болып сайланды. Ол Комитетте заң мәселелері бойынша жұмыс істеді. Халық таңдаушылардың дәл осы шақырылымы тәуелсіз Қазақстанның Бірінші Конституциясы мен алғашқы заң актілерінің жасалуына үлесін қосты.

Слям Мұхамеджанович Исабаев 11 медаль және ҚР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Дорожный патруль» атты бірінші құқыққорғау сайтының ұжымы С.Исабаевтың туыс, жақындары мен әріптестеріне қайғыларына ортақ екенін білдіреді.

Мәңгі есімізде...

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.37.41 (2).jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.21.27.jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.21.29 (3).jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.37.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.37.41 (3).jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.21.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.21.28 (2).jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.21.28.jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.21.28 (1).jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.37.41.jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.21.29 (1).jpeg

WhatsApp Image 2017-11-13 at 11.21.29.jpeg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости