Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматы түбінде ұшақ құлап, екі адам опат болды

Алматы түбінде ұшақ құлап, екі адам опат болды

Алматы маңайында жеңіл моторлы TECNAM - P2002 ұшағы апатқа ұшырады. Екі адам қаза болды, деп хабарлайды patrul.kz порталы.

Үшқоңыр елді мекенінің тұрғындары әуе кемесінің жерге құлап, лап етіп отқа оранған сәтін бейнежазбаға түсіріп алған. Олардың айтуынша, самолет тұрғын үйлерге дейін санаулы метрлер қалған жерде құлаған.

КУӘГЕРЛЕРДІҢ БЕЙНЕТҮСІРІЛІМІ:

Сағат 09:53 кеменің ұшқыштары оқу-жаттығу ұшуды орындап жүрген екен.

«TECNAM - P2002 (Технам 2002) әуе кемесі аспанға көтерілгеннен кейін «Азем» аэродромынан 2 шақырымдай қашықтықта құлады. Екі адам (ұшқыш-нұсқаушы мен курсант) оқиға орнында опат болды. Әуе кемесі Азаматтық авиация академиясының меншігінде болған. «Азем» аэродромы Алматыдан 43 шақырым қашықтықта орналасқан», - делінген ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің ақпаратында.

Қазіргі таңда «жеңіл ұшақтың» құлау себептері анықталуда, аталмыш жұмыстар ҚР Инвистициялар мен даму миистрлігінің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаментімен жүргізілуде.

Қаза болғандардың бірі оқу-жоспарлық ұшумен жаттығып жүрген курсант еді. TECNAM - P2002 ұшағының шыққан аэродромынан күнде осындай 10-15 жаттығу ұшулар жүргізіліп тұрады. Жас жігіт ұшқыштар әулетінен шыққан. Оның әкесі халықаралық жолаушылар ұшағының ұшқышы, осы уақытта сапарда болған екен. Атасы да ұшқыштар қатарынан.

Ұшақ желдің құйындауынан құлады – бұл оқиға орныда жұмыс істеген сарапшылардың бірінің алдын-ала берген болжамы.

самолет1.jpg

самолет2.jpg

самолет3.jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости