Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматы облысында болған сұмдық жол апаты: бір бала мен екі ересек қаза болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматы облысында болған сұмдық жол апаты: бір бала мен екі ересек қаза болды. БЕЙНЕЖАЗБА

Алматы – Көкпек – Көктал трассасында орын алған жол-көлік оқиғасында бірден үш адам мерт болды, деп хабарлайды patrul.kz.

Қайғылы оқиға жолдың 102-шақырымында, тура «Достық аулы» сілтемесінің түбінде орын алды. Mazda автомашинасы белгісіз себептермен жолдан шығып кетіп, жол жиегінде жатқан бетондық блокқа ұрылды. Шетел көлігі жылдамдықты асыра жүрген көрінеді. Кедергіге тап болған машина түзге қарай «ұшып», тағы бірнеше метрдей тоқтай алмай, ағашқа барып соғылды. Жойқын соққының кесірінен машинадағы адамдардың барлығы да сол жерде опат болды, олардың біреуі – 7-8 жасар ұл бала.

КУӘГЕРЛЕРМЕН ТҮСІРІЛГЕН БЕЙНЕЖАЗБА:

« 18-20 жасар жігіт Алматы – Көкпек трассасында, Қаратұрық пен Ащысай елдімекендерінің ортасында жол-жөнекей өтіп бара жатқан сұр «Маздаға» отырған. Қолында канистра болған, ол Шелекке жанармай алып келуге бара жатқан. Оның ақ түсті машинасының қасында оны күтіп екінші жігіт қалған. Ол отырған көлік Достық аулынан шыға бергенде жол апатына ұшырады. Жас жігітте өзімен бірге не ешбір құжаты, не ұялы телефон болмаған. Бойы шамамен 165 см, арықша келген, шашы қара, азиат пішінді. Үстінде қара куртка, қызыл ендірмесі бар қара спорттық күртеше, қызыл былғары белдігі бар көк түсті джинса шалбары болған. Оның туыстары мен жақындарын іздеудеміз. Оларды - 8-778-784-44-89 телефонына хабарласуды сұраймыз», - делінген куәгерлердің әлеуметтік желілерде жариялаған хабарламасында.

Бұл жан түршігерлік апаттың мән-жайы мен қаза болғандардың кім екендіктерін анықтау - полиция қызметкерлерінің еншісінде.

Фабрика форматовfdc7be14-b14d-45f9-b66d-e1c0e5e104d3.00_23_46_11.неподвижное изображение024.jpg

Фабрика форматовfdc7be14-b14d-45f9-b66d-e1c0e5e104d3.00_21_43_15.неподвижное изображение026.jpg

1 (1).jpg

1 (3).jpg

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости