Первый правоохранительный сайт республики Казахстан

Алматы көліктерінің айналарын ұрлап, қолға түскен күдіктілер 27 дерекке қатысы барларын мойындады

Алматы көліктерінің айналарын ұрлап, қолға түскен күдіктілер 27 дерекке қатысы барларын мойындады

Жуырда түннің ортасында бағалы көліктердің айналарын «шешіп» алып, қолға түскен автотонаушылар, сұрақ-жауапқа тарту барысында өз кінәларын мойындады, деп хабарлайды patrul.kz.

Бостандық аудандық ІІБ-ның мәліметі бойынша, жедел тергеу іс-шараларының алғашқы күні күдіктілердің осы іспеттес 27 қылмысқа қатысы екендіктері дәлелденді. 1 (9).jpg

« Еске сала кетсек, қылмыс орнына жедел жеткен "Фотон" автоэкипажының қызметкерлері бірнеше минут ішінде қолдарында сөмкелері бар екі күдікті азаматты ұстады. Сөмкенің ішін тексеру барысында автокөліктердің жанама айналары тәркіленді. Ұсталғандар Алматы облысында туылған 32 жастағы Т., және Қызылорда облысында туылған 23 жастағы Г., деген азаматтар екені анықталды. Екеуі де бұрын ұрлық жасағандары үшін сотталған. Олар түнгі сағат 03.30 шамасында тұрғын үй ауласында қылмыстық ойларын жүзеге асырған. Олардың қылмыс орнынан із суытуы сәтсіз аяқталды. Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша оқшаулау орталығына қамалды. Алматы қаласы бойынша күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - Бостандық аудандық ІІБ-ның бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Полиция қызметкерлері, ұрылардың жасаған қылмыстарын толық мойындағандарын да айта кетті.

Сот алды тергеу амалдары, ҚР ҚК-ның 188 бабының 2 тармағымен қарастырылған қылмыс белгілерімен жүргізілуде. Полиция подполковнигі Өтебаевтың айтуынша, қылмыскерлердің көзі тек "Lexus LX570", "Porsche Cayenne", "Mercedes Benz G-class", "BMW X6", "Toyota land Cruser 200" сияқты т.б. қымбат автокөліктерге ғана түскен көрінеді.

25 лет
Свежие новости
Подписка на новости